Өз қолымен орман өсірген - Шығыс Қазақстанның 93 жастағы тұрғыны «Халық алғысы» медалін алды
Өз қолымен орман өсірген - Шығыс Қазақстанның 93 жастағы тұрғыны «Халық алғысы» медалін алды
287
оқылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының 93 жастағы тұрғыны «Халық алғысы» медалін алды. Зейнеткер Михайл Фёдоров Глубокое ауданының Жаңа Үлбі ауылында тұрады. Табиғат жанашыры бір шақырымға жуық аумаққа, үш гектар жерге өз қолымен отырғызған қарағай көшеттерін күтіп-баптайды. Қария ағаш көшеттерін облыстың әр аймағынан әкелгенін, кейбірін тіпті пойызбен жеткізгенін айтады. Осы ағаштары үшін қалаға да көшпей отырған көрінеді.
«Біз оны қалаға шақырғалы қай заман?! Барғысы келмейді. Өз қолымен өсірген ағаштарын қимайды. Қараусыз қала ма, біреулер жойып жібере ме деп алаңдайды», – дейді қарияның қызы Надежда Фёдорова.
Жойып жібере ме демекші, Михайл Фёдоровтің ендігі арманы – ағаштарын мемлекеттік қорға өткізу.
«Сан жыл баптаған жасыл желектерім құрып кетпес үшін мемлекет қарамағына өткізсем деймін. Әкімдік құжаттарымды рәсімдеуге көмектессе жақсы болар еді», – дейді зейнеткер.  

Азамат Қасым, Шығыс Қазақстан облысы