Елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке ашылды
Елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңке ашылды
©azattyq-ruhy.kz
477
оқылды

Елорданың Пригородный елді мекенінде жыл бойы жұмыс істейтін алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ауданы – 7 мың шаршы метр. Мұнда өзге өңірлердегі тауар өндірушілерді де өнімдері ұсынылмақ. Азық-түлік бағасы нарық құнынан төмен болады. Жәрмеңке демалыс күндері таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 5-ке дейін жұмыс істейді. 

Айта кетейік, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрі – сүт, бакалея, шұжық, ұн, жаңа ауланған балық және тағы басқа өнімдері бар. Жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер бетперде тағуы, қол гигиенасын, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері Пригородный елдімекені, Арнасай көшесі, 109 ғимаратта өтеді.