Морозов конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында топ жарды
Морозов конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында топ жарды
197
оқылды
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионаты өтуде. Аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Olympic.kz.  1500 метрге жарысуда қазақстандық Дмитрий Морозов алтын жүлдегер атанды. Ол аталған қашықтықты 1:33.45 секундта жүгіріп өткен. Күміс және қола жүлдені Канада мен Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. Жарыс айдынына шыққан тағы бір қазақстандық спортшы Демьян Гаврилов 7-ші сатыда.