ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Алаш арыстары» ескерткішінің салтанаты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Композициялық мүсін Шымкент қаласының орталық саябағы аумағында орналасқан. Тұғыр гранитпен қапталған. Мүсіндердің биіктігі - орташа есеппен 210 см. Тұғырдың ұзындығы - шамамен алты метр, ені - үш метрге жуық.
Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, «
Алаш арыстары» ескерткішінің идея авторы Бекет Тұрғараев, халықаралық «
Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, көрнекті ақын Ханбибі Есенқарақызы және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.
Қала әкімі көпшілікті ескерткіштің ашылуымен құттықтап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
«Уақыт озған сайын ұлт азаттығы үшін аянбай күрескен Алаш қайраткерлерінің даналығын, даралығын, кемеңгерлігін айқын сезініп келеміз. Олардың өмір жолы біз үшін, болашақ ұрпақ үшін – тағылым алар тәрбие. Мұндай кешендер – жастарымызды отаншылдыққа тәрбиелеп, өз еліне, жеріне, өткені мен болашағына деген сый-құрметті қалыптастыру құралы деп білеміз, - деді Мұрат Әйтенов.
Жиыналғандар композициялық мүсінге гүл шоқтарын қойды.