Нұр-Сұлтандағы бокс кеші: екі боксшымыз өзбекстандық қарсыластарын жеңді
Нұр-Сұлтандағы бокс кеші:  екі боксшымыз өзбекстандық қарсыластарын жеңді
Фото: Vesti.kz
181
оқылды
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде екі боксшымыз өзбекстандық қарсыластарын тізе бүктірді. Бокс кешінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен өзбекстандық Зайнобиддин Собиров арасында төрт раундтық жекпе-жекте қолғап түйістірген болатын. Кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен Қазақстан боксшысының пайдасына шешілді. Екінші жекпе-жекте Айдар Әмірзақов (Қазақстан) пен Дильшодбек Исроилов (Өзбекстан) жұдықтасты. Кездесуде Айдар Әмірзақов төрешілердің шешімі бойынша  37:39 есебімен жеңіске жетті. Кештің басты жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.