Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттайды
Сурет: kapital.kz
582
оқылды

Қазақстанда 2 жарым мыңға жуық дәрі-дәрмек бағасы еркін айналымға жіберілуі мүмкін. Өйткені, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйырғымен бекітілген препараттардың шекті сомасы бекітілген бағадан асып кетсе, дәрілік заттарды жеткізуге, оны саудалауға тыйым салынады, - деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазір Бәскелестікті қорғау агенттігі министрлікпен бірге бұл мәселені пысықтап жатыр. Ал қарапайым халық, дәріханалардағы қазіргі бағаның өзі қалтаны қағып тұрғанын айтып жиі шағымданады. Қазақстан импортқа тәуелді. Еліміздегі дәрілердің 88%-ы шетелден келеді, тек 12% өнім өзімізде өндіріледі. Енді бағасы еркін айналымға жіберілуі мүмкін 2,5 мың препараттың құны қалай болатынын жауапты мекемелер кесіп айта алмайды. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің өкілі қазіргі қолданыстағы дәрілердің бағасы мемлекеттік реттеу механизмі арқылы жүргізілетіндіктен, бұл фармацевтика нарығының дамуын тежеп деп отырғанын айтады. Оған қоса, отандық өндірушілерге жаңа инновациялық дәрілерді енгізуге мүмкіндік берілмейді. Өйткені, мемлекет бекіткен шекті мөлшерден қымбатқа түсетін дәрілерге сұраныс болса да, рұқсат болмаған соң дәріханаларға жеткізілмейді.
"Мемлекеттік реттеудің өз кемшіліктері бар. Нақтырақ айтсақ, бағаны қоюда ашықтық болмайды, дәрілік заттар тізбегі азаяды. Қазір қайта реттеуге үш кезең бойынша көшу талқыланып жатыр. Алдымен, рецептсіз дәрі-дәрмектер, гомеопатиялық, диеталық қоспалар, дәрумендер бойынша қарастырылады. Олардың барлығы да биржадан тыс және еркін сатылымда. Екінші кезеңде – рецепт бойынша дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер. Одан кейін мемлекеттік реттеуде қалатындарды қоспағанда, қалған препараттар", – дейді Қаржы нарықтары және басқа салалар басқармасының бас кеңесшісі Светлана Каюпова.
Ал әзірге медициналық тегін көмектің және әлеуметтік сақтандырудың шеңберінде онкологиялық науқастар, орфандық аурулар, коронавирустық инфекцияларды емдеуге арналған дәрілер мемлекеттің реттеуінде қала берді. Бүгінде Қазақстанда 7,5 мыңға жуық дәрілік зат тіркелген. Қазір 7 мың 23 түрлі препараттың бағасы бекітіліпті. Ал тұрғындар дәрінің шекті бағасы туралы ақпаратты DariKZ мобильді қосымша арқылы біле алады. Дәрі бекітілген бағадан қымбат болса, тікелей фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымдануға болады.