Байқоңырдан ғарышқа ұшқан жапониялық туристер Жерге оралады
Байқоңырдан ғарышқа ұшқан жапониялық туристер Жерге оралады
329
оқылды
Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) ұшу бағдарламасына сәйкес, 2021 жылғы 20 желтоқсанда «Союз МС-20» басқарылатын кемесінің аппараты Жерге қонады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жерге экипаж мүшелері – Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин мен ғарыш сапарына қатысушылар жапониялық Юсаку Маэзава мен Йозо Хирано оралады. Еске сала кетейік, жапониялық туристер «Союз МС-20» ғарыш кемесімен Байқоңырдан 2021 жылғы 8 желтоқсанда ұшқан болатын. Кеше, 17 желтоқсан күні, ХҒС бортында 20-шы экспедицияның командирі Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркиннің бастамасымен бадминтон ойыны өтті. Ойынға ХҒС-тың экипаж мүшелері мен жапониялық туристер – миллиардер Юсаку Маэзава мен оның көмекшісі Йозо Хирано қатысты. https://www.youtube.com/watch?v=nXDM4dO_Wp0&feature=emb_title «Союз МС-20» кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегментінің «Поиск» модулі арасындағы өтпелі люктің жабылу сәті 2021 жылғы 20 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:20 мен 01:30 аралығында тікелей эфирде көрсетіледі.