«Семей-Курчатов» тас жолы жабылды
«Семей-Курчатов» тас жолы жабылды
Фото: yandex.kz
178
оқылды

Ауа райына байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Семей-Курчатов» тас жолы жабылды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болғандықтан тас жол жабылды.

«Кеше сағат 22:30-дан бастап облыстық маңызы бар «Семей-Курчатов» тас жолының 4-130 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабылды» делінген ресми ақпаратта.

Құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолға қатысты ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.