Қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болғандықтан тас жол жабылды.
«Кеше сағат 22:30-дан бастап облыстық маңызы бар «Семей-Курчатов» тас жолының 4-130 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабылды» делінген ресми ақпаратта.
Құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолға қатысты ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.