Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-20.12.2021
Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?-20.12.2021
Фото: kazlenta.kz
182
оқылды

«Қазгидромет» 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ауа райы солтүстік-батыс циклонының әсерінен құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. Тұман, көктайғақ, сондай-ақ желдің екіпіні 15-25 м/с болады. Солтүстікте бұрқасын соғады. 23 желтоқсанда Қара теңізден соққан антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді.

Батыста түнде ауа температурасы 8-23 градус, күндіз 5-15 градус, солтүстік, шығыс пен орталықта түнде 5-15 градус, күндіз 0-8 градус, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде -5 және +5 градус, күндіз 0 және +10 градус болады.