4 миллион теңге – ШҚО-да жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қомақты сыйақы берілді
4 миллион теңге – ШҚО-да жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қомақты сыйақы берілді
192
оқылды
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген 6 адамға сыйақы берілді. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының айтуынша, бүгінде жемқорлық туралы хабар берген адам параның көлеміне қарай 10 пайыздық сыйақыға ие болады.
«Яғни 1 000 АЕК болса, ақшаның 10 пайызы сыйақы ретінде беріледі. Бірақ ақшалай сыйақының мөлшері 4 000 АЕК-тен аспауы шарт. ШҚО-да жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 6 адам сыйақыға ие болды. Бұл ретте сыйақының ең жоғары мөлшері 4 миллион, ең төменгі мөлшері – 138 900 теңгені құрады» делінген ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан мәліметте.

А.Әбіл, Шығыс Қазақстан облысы