Қазақстандық боксшы WBO рейтингінің үздік бестігіне енді
Қазақстандық боксшы WBO рейтингінің үздік бестігіне енді
139
оқылды
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) 2021 жылғы барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтердің соңғы нұсқасын ұсынды. Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл дивизиондағы ТОП-3 британдық Зак Паркер, АҚШ-тан келген Дэвид Бенавидес және канадалық боксшы Дэвид Лемье. WBO әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі. Орта санатта Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хайма Мунгиядан кейін екінші орында қалды. Үшіншісі – бразилиялық Эскива Фалькао. Қанат Ислам бесінші орыннан сегізінші орынға сырғыды. WBO әлем чемпионы – Деметриус Андраде.