2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетуі мүмкін – экономист
2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге жетуі мүмкін – экономист
©А.Ахметқазы
556
оқылды

Қазақстанда 2022 жылы доллар бағамы 470 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов айтты, – деп хабарлайды AstanaTV.

Сарапшылардың айтуынша, әлемде экономикалық ахуал шатқаяқтап тұр. Оған Omicron штамының таралуы себеп болған. Сондықтан мұнай бағасы арзандап, теңге құнсызданды.

Экономист Мақсат Халық: «Бүкіл қаражатыңызды бір валютада сақтамаңыз. Бәрін долларға да салып қоюға болмайды. Бөліп бөліп 3 валютада ұстаңыз. Біраз бөлігін долларда, біразын еврода, біразын теңгеде сақтаған жөн. Болмаса оның орнына алтын алуға да болады. Шетел валютасын сатып алып қою керек. Көбірек басымдықты сол жаққа беру керек», – дейді.

Ал экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додоновтың айтуынша, қаржы нарығында қиындықтар болуы мүмкін. Оның болжамынша, келер жылы 1 доллардың құны 455-470 теңге аралығында сатылмақ.