Полицейлер көліктен 21 келіден астам марихуана тапты
Полицейлер көліктен 21 келіден астам марихуана тапты
Фото: polisia.kz
156
оқылды

19 желтоқсан күні Қарағанды облысында полицейлер «Учаске» іс-шарасы аясында Алматы-Екатеринбург тас жолында рейд жүргізді.

Кешкі сағат 23:00 шамасында полицейлер 60 жастағы Қарағанды тұрғынының көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан екі полиэтилен пакет табылды. Ерекше иісі бар өсімдік 21 келіден астам кептірілген марихуана екенін сараптама анықтады.

ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.