Бақытгүл Хаменованың қылмыстық ісі: әкімдік Абай Құнанбаевтың ескерткіші қандай болатынын айтты
Бақытгүл Хаменованың қылмыстық ісі: әкімдік Абай Құнанбаевтың ескерткіші қандай болатынын айтты
©stan.kz
205
оқылды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың қылмыстық ісіндегі Абай Құнанбаевтың ескерткішіне қатысты Атырау облыстық әкімдігі мәлімдеме жасады, – деп жазады "Ақ Жайық". Ескерткіш орнату бастамасы тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша облыстық комиссияға тиесілі, 2018 жылғы 14 мамырда ұсыныс Мәдениет және спорт министрлігіне жіберілді.
- 2018 жылдың 17 шілдесінде министрлік жанындағы монументтік өнердің жаңа құрылыстарын орнату бойынша комиссия мақұлдады. 2019 жылы 22 сәуірде ашық конкурс жарияланып, 20 қарашада комиссия сәулетші Асқар Нартовтың жобасын таңдады. Екі жылдан кейін қалалық мәдениет бөлімі «Балқыту» ЖШС-мен 145 миллион теңгеге келісімшартқа отырды. Биыл 72 млн 499 мың теңгесі бөлініп, игерілді. Қалған бөлігі 2022 жылдың бюджеті есебінен қарастырылады, – деп хабарлады әкімдік.
Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі 11 метрді құрайды (оның 5,75 метрі постамент), салмағы – 5 тонна. Айтпақшы, Б.Хаменованың ұсталуына байланысты ескерткіштің салтанатты ашылуы 27 желтоқсанға шегерілді. Жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова және облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнату бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарты үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті.