Ел Үкіметі елордадағы бірнеше мектепке ұлт зиялылары мен тұлғаларының есімдерін беруге дайындалып жатыр. Бұл туралы Orda порталы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы Қонаев көшесіне жақын орналасқан №66 мектеп-лицейге Қазақ КСР-ін 30 жылға жуық басқарған Дінмұхамед Қонаевтың есімін беру жоспарланған.
Үкіметтің қаулы жобасына сәйкес, Нұр-Сұлтанда мынадай өзгерістер енгізіледі:
1) №11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;
2) №49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлының есімі;
3) №69 гимназия мектебіне – Кемел Ақышевтың есімі;
4) №2 балалар музыка мектебіне – Роза Бағланованың есімі;
5) №3 балалар музыка мектебіне – Ермек Серкебаевтың есімі;
6) №66 мектеп-лицейіне – Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
7) №77 гимназия мектебіне – Фариза Оңғарсынованың есімі;
8) №83 мектеп-гимназияға – Ыбырай Алтынсарин есімі беріледі.