22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: kaznovosti.kz
119
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Тек солтүстік-шығыс, шығыста ашық ауа райы сақталады. Жауын-шашын қар, жаңбыр, солтүстік өңірлерде бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің таулы аймағында дауыл соғады. Түркістан облысында түнде оңтүстік пен солтүстікте – шаңды дауыл, батыс бөлігінде және таулы аудандарда қатты жел соғып, кей жерлерде 23-30 м/с-ке жетеді. Ақмола, Алматы, Қостанай, облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының орталығы мен солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады, облыстардың батысында жел 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы15-23 м/с-ке жетіп, облыстардың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түседі, жел екпіні күшейеді.