Отбасы банк зейнетақы жинағын ем алуға пайдаланған адамның тісін тексере ме?
Отбасы банк зейнетақы жинағын ем алуға пайдаланған адамның тісін тексере ме?
Фото: inva.kz
257
оқылды

Зейнетақы жинағындағы қаражаттың жеткілікті шегінен артық ақшаны пайдаланып баспана мен үй салатын жер сатып алу, ипотека төлеу, ем алу және Отбасы банктегі депозитке аударуға болады.

«Отбасы банктің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражат есебінен 17 миллион теңгеге тісін емдеткендер де бар екенін айтты. Жинақтағы қаражатты ем алу үшін пайдаланған кезде салымшы емханамен жасалған келісімшарт пен қаржы төленетін есепшотты ұсынуы тиіс.

«Имплантация қымбат. Мәселен, швейцариялық немесе израильдік импланттар бар. Бір адам 18-19 имплант салдырса, оның құны 17 миллион теңге болуы мүмкін. Отбасы банк тіс пен импланттың санын тексере алмайды. Сол себепті, банкке өткізген құжатына қарап салымшыға сенеміз», – дейді Ләззат Ибрагимова.

Бұған дейін зейнетақы жинағынан 162 миллион теңге алған салымшы туралы жазған болатынбыз.