Әнші Нұржан Қалжан «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, 2009 жылы болған жол апатынан кейінгі қиын кезеңді еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші көлікте бірге отырған достарынан айырылғаннан кейін өзін кінәлап, ауыр кезеңді бастан өткергенін айтты. Айтуынша, ол уақытта өнер туралы ойлауға мұршасы болмаған.
«Жол апатынан кейін дәрігерлер ән айта алмай қалуым мүмкін екенін айтты, бірақ нақты диагноз қойылмады. Өйткені мойныма темір қойылған, ол қазір де тұр. Бірақ ол уақытта ән туралы ойлауға шама болмады. Сол жол апатында менің жанымдағы достарым кетіп қалды. Олардың қатарында журналист Руслан Бөлебай да бар. Бір көлікте болдық. Достарымнан айырылып қалғаным қатты жаныма батты. Өзімді кәналаған сәттер болды. Өйткені мен рөлде болдым. «Олар аман қалып, мен кетіп қалғанда» деген де ойлар келді», — дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
