Әнші Мадина Сәдуақасова туған күніне орай желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жаңа суреттер жариялап, оқырмандарына қуанышына орай қаржылай сый жасады.
«Бүгін ойға келген заттарды жасайтын күнім. Тіпті осы суреттерде тұрып та, жатып та түстім. Ал туған күніңмен, Мадикош! Осы Мадинаға өмірінде тағы не жетпейді деп ойлайсыздар? Ойларыңыз бен тілектеріңізді жаза кетіңіз. Туған күніме қарсы айғай-шу! Шашу сіздерге, 5k дан 5 рет сүйікті оқырмандарыма. 10 жылда сыйға неке жүзігін алдым. Туған күніме келген сыйлықтардың кішігірім бөлігі. Уақыт тауып анпакинг түсіріп үлгердім сіздерге арнап. Әрбір лайк, комментарий қалдырған жандарға бұдан да көп анпакингтар жұғысты болсын! Ал менен шашу», - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары туған күнімен құттықтап, әншінің қызды болуын тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
