Бақытгүл Хаменова екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды
Бақытгүл Хаменова екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: kznews.kz

Осыған дейін үйқамақта отырған Бақытгүл Хаменова екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Атырау облыстық соты хабарлады.

Cот мәліметінше, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы бойынша шенеунікке бұлтартпау шарасы өзгертілген. Себебі, Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш берді.

Бұған дейін жалғызбасты әйелдің екі кішкентай баласы бар екенін ескеріп, үйқамаққа жіберген еді.