Аяқкиіміне есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды – видео
Аяқкиіміне есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды – видео
Фото: news.myseldon.com
251
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында ауыл тұрғыны аяқкиіміне есірткі сақтаған, – деп жазады polisia.kz.

Полицейлер 43 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Күдіктінің гаражын жедел тінту кезінде жазғы аяқкиімнің ішіне жасырылған өсімдік табылды. Сараптама тәркіленген зат жалпы салмағы 0,20 грамм кептірілген марихуана екенін анықтап берді.

«Факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

https://youtu.be/WIqS5hGKsHI

Бұған дейін абақтыға айранның ішіне есірткі жасырып өткізбек болған ер адам туралы жазған едік.