Атырау облыстық соты Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алу шешіміне түсініктеме берді.
"Сот алқасы Хаменова 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған аса ауыр сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық (ҚК-ның 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) жасады деген күдікпен ұсталғанын ескерді. Ол осы өңірде жоғары лауазымды қызмет атқарғандықтан, адамдармен мықты байланысын пайдаланып, бұл процеске қатысушыларға және істі объективті тергеп-тексеруге қысым көрсетуі мүмкін", – делінген хабарламада.Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы Хаменованы қамауға алу туралы өтініш беріп, ол екі айға қамауға алынғанын жазған болатынбыз.