«Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деп жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды
«Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деп жалған ақпарат таратқан дәрігер ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
Polisia.kz-тің жаузынша, халықты дүрліктіріп, әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан алматылық дәрігер ұсталды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл хабарламаның Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
«Тексеру іс-шараларының алғашқы сағаттарында видеодағы ер адамның жеке басы анықталды. А. есімді азамат, 1980 жылы туған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасында дәрігер-гинеколог болып жұмыс істейді. Қазір ол ұсталды. Ол жалған ақпараттың таратылу фактісін мойындап, шын жүректен өкінетінін айтады. Қазір аудандық полиция басқармасы тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр. Нәтижесінде, қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», – деді Алматы облысы Жол полициясы бастығы Серік Күдебаев.
Сонымен қатар, полиция жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды.
«Көп жағдайда кейбір азаматтар жалған мәліметтерді таратуға тыйым салынғанын білмеген. Бірақ заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұл аксиоманы әркім білуі керек. Осыған байланысты жұртты негізсіз дүрбелең мен дүрлікпе тудырмау үшін мемлекеттік органдардан ресми хабарламаларды басшылыққа алуға және күмәнді көздерден ақпаратты таратпауға шақырамыз», – деді Серік Күдебаев.