Түрікменстанда Қазақстаннан келген төрт адамнан "омикрон" штамы анықталды
Түрікменстанда Қазақстаннан келген төрт адамнан "омикрон" штамы анықталды
© iz.ru
247
оқылды

Түрікменстанда Қазақстаннан келген 4 адамнан коронавирустың жаңа түрі "омикрон" анықталды, – деп хабарлады Аzattyq.

Жаңа штамм елдің батысындағы Балқан велаятында анықталды.
"Бекдаш карантиндік аумағында Қазақстаннан келген біздің 4 азаматымыздың  Covid-19-дың  "омикрон" нұсқасын жұқтырғаны белгілі болды", – делінген БАҚ-та жарияланған ақпаратта.
Түрікмен-қазақ шекарасы 2 апта бұрын ашылып, Түрікменстан азаматтарына елге кіруге рұқсат  берілген. Осы оқиғадан кейін шекара қайтадан жабылды.