БҚО-да «омикрон» штамы анықталғаны рас па?
БҚО-да «омикрон» штамы анықталғаны рас па?
155
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталды деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстанда "омикрон" штамы анықталғаны туралы хабар тараған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл фейк. "Омикрон" жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде «омикронның» анықталғаны туралы ақпарат жалған екенін айтқан.