Дарын Қонысбаев – TEMIRADAM
Дарын Қонысбаев – TEMIRADAM
282
оқылды
Нұр-Сұлтанда Қазақстан триатлон федерациясының 2021 жылдың қорытындысы бойынша салтанатты мара­пат­тау рәсімі өтті. Триатлонды дамытуға қосқан үлесі мен оны дамытудағы ерен еңбегі үшін кәсіби спортшыларға ғана емес, олардың бапкерлеріне, әуесқой спортшыларға және де республикалық триатлон қауымы­ның ерекше көзге түскен өкіл­деріне құрмет көрсетілді. «Бүгінгі марапаттау рәсімінің қонақтарын көргеніме қуаныш­тымын! Баршаңызды 2021 жылғы маусымның сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Алда келе жатқан маусымда бүкіл қазақстандық триатлон қауымына үлкен жетіс­тік­тер тілеймін!», – деді ҚТФ пре­зиденті Кәрім Мәсімов. «Жыл жаңалығы – үздік спорт­шы» номинациясын Чолпон-Атада өткен спринт қашықтығын­дағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР суперспринт, сп­ринт және стандартты қашықтық­тардағы триатлоннан абсолютті чемпионы, Pro санатындағы TEMIRADAM кубогының жеңім­пазы Екатерина Шабалина жеңіп алды. «Жыл спортшысы» атағын екінші рет 2021 жылғы спринттегі Азия чемпионы, ұлттық рейтинг­тің абсолютті көшбасшысы, Pro сана­тындағы TEMIRADAM кубо­гы­ның жеңімпазы Дарын Қоныс­баев жеңіп алды. «Жыл бапкері» атағын Ақмола облысындағы жас триатлоншы­ларды жылдар бойы жаттықтырып келген Каролина Гидич иеленді. Чолпон-Атадағы құрлықтық бірін­шілікте К.Гидичтің шәкірт­тері жеңіс тұғырына көтерілді. «Жыл федерациясы» номи­нация­сында Нұр-Сұлтан қалалық триатлон федерациясы жеңіске жетті. Федерация құрылғаннан бері белсенді жұмыс атқарып, өз бетінше қалалық сайыстар ұйым­дастырып, қалалық спортшыларға жан-жақты қолдау көрсеткен. «Жыл сайысы» болып Ақмола облысындағы Бурабайда 11 шіл­деде өткен TEMIRADAM кубогы­ның ІІІ кезеңі аталды. Номинация­дағы жеңіс ҚТФ тұрақты мүшелері арасында өткізілген ресми сайтын­­­дағы онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша тағайындалды.  

Әбілмансұр ЖАСАН