Мерейлі марапат
Мерейлі марапат
476
оқылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы біріге отырып Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің залында ауқымды іс-шара өткізді.

Жиынға ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Бақтығожа Ізмұхамбетов, Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, балалар жазушысы Нұрдәулет Ақыш, Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев және Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясына мүше баспа мекемелерінің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы өкілдеріне арналған түрлі деңгейдегі наградаларын тапсыру міндеті жүктелгенін айтып, мемлекет басшысының марапатын иелеріне табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен актер, театр режиссері, театр қайраткері, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кеңесшісі Есмұқан Несіпбайұлы Обаев І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Президент Қаулысы негізінде «Құрмет» орденімен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, Мемлекеттік үрмелі оркестрінің жетекшісі Қанат Ахметов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Галина Қарамолдаева, Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының әртісі Марианна Покровская марапатталды. Президент Қаулысы негізінде белгілі жазушы Мәлік Отарбаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі, мүсінші Нұрлан Далбайға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы табысталды. Әрі қарай Қуат Қаһарманұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сала қызметкерлеріне, оның ішінде Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкерлеріне арналған Алғыс хатын табыстап, баспа-полиграфия, кітап шығару ісі саласының мамандарына жүрекжарды лебізін білдірді. «Расында, тарих – біздің  өткеніміздің, бүгініміздің шарайнасы. Тарихымыздың дұрыс жазылуына осы архив, баспа ісі салаларының қосар үлесі орасан зор. Бүгінгі ауқымды іс-шараға бірнеше аманатты жүктей отырып арнайы келдік. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойына орай Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ұйымдастырған іс-шарада сала қызметкерлерімен дидар-ғайып болғаныма қуаныштымын. Баршаңызға мереке құтты болсын! Елдігіміз, егемендігіміз мәңгілік болсын!» - деді ол. Іс-шараның екінші бөлімі ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Кеңесінің «Искусство книги» халықаралық байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Биыл Қазақстан Республикасы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Кеңесіне төрағалық етіп, еліміздің баспа ісі саласының өкілдері осы Кеңес аясында 18-мәрте өткізілген «Искусство книги» халықаралық байқауында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. «Искусство книги» халықаралық байқауы – ТМД қатысушы-мемлекеттерінің гуманитарлық жөніндегі ынтымақтастық Қоры, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Кеңесі 2004  жылдан бері өткізіп келе жатқан ауқымды халықаралық бәйге. «Искусство книги» халықаралық байқауында келесі кітаптар жүлдеге ие болды:
  1. ГРАН-ПРИ. «Әбу Насыр әл-Фараби шығармалары» атты үш тілдегі 15 томдық жинағы. «Халықаралық Абай клубы». Сейсенбай Роллан Шәкенұлы.
  2. ТМД елдерінің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Арнайы сыйлық. «Қоршаса ойлар...» өлеңдер жинағы. «Мерекенің баспалар үйі». Бақтығожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов.
  3. «Моя страна» номинациясы бойынша 1–орын. Светқали Нұржанның «Жұлдыздардың жұпары» және «Сарыайшықтың көзесі» атты кітаптары. Mereke baspasy.
  4. «Искусство иллюстрации» номинациясы бойынша 1 – орын. «Великий Абай» кітабы. «Алматыкітап» баспасы. «Алматыкітап» баспасы.
  5. «Наука и образование» номинациясы бойынша 1 – орын. Бес томдық коллекциялар жинағы. «Балауса» баспасы.
  6. «Диалог культур» номинациясы бойынша 1–орын. «Ер Едіге» дастаны. «Қазақ кітабы» баспасы.
  7. «Арт-книга» номинациясы бойынша 2-орын. «Андерсен Г. Х. Сказки» кітабы. «Шикула и К» баспасы.
  8. «Содружество» номинациясы бойынша 3-орын. «Представители этносов Казахстана в искусстве и культур» кітабы. «Золотая книга» баспасы.
  9. «Книга для детей и юношества» номинациясы бойынша. Арнайы дипломға. «8&8» баспасы.
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясы, Қазақстан Жазушылар одағы және ҚР Ұлттық кітапханасының ортақ шешімі арқылы баспа-полиграфия саласы, кітапхана жүйесі қызметкерлерін, жазушыларды, ақындарды, сонымен бірге кітап мәдениетін арттыруға зор үлес қосқан еліміздің және шетелдің көрнекті мәдениет, саясат қайраткерлерін марапаттайтын «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалі салтанатты түрде тапсырылды. Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бисембаев Қайрат, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова төмендегі сала қызметкерлерін «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапаттады.
  1. «Әдебиет» баспасы ұсынған баспагер Қалиев Серік.
  2. «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры-бас редакторы Тойбаева Жадыра.
  3. ҚазҰУ, Журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев.
  4. «Балауса» баспасының директоры Нұралиева Жаңыл.
  5. «Алан» баспасы ұсынған баспагер Османов Әлсейіт.
  6. «Арман-ПВ» баспасы ұсынған баспагер Аленова Мадина.
  7. «8&8» баспасы ұсынған баспагер Ударцева Вера.
  8. Белгілі ақын, «Көк тудың желбірегені» өлеңінің авторы Ахметбекұлы Алмас.
  9. «Сардар» баспасының басшысы Каримов Дәулет.
  10. «ARNA-B» баспасының басшысы Ойса Бақыт.
  11. «Қазақстан» баспа үйі ұсынған баспагер Болгова Галина.
  12. «Дәуір» баспасының баспагері Зыков Павел.
Журналистика факультетінің деканы сөз сөйлеп, Алмас Ахметбекұлы мен Қайрат Әшіралыұлы өлең оқып, жиынның көркін қыздыра түсті. Іс-шараның үшінші бөлімінде Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының атқарушы директоры Латипова Гүлшат Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ассоциация басшылығының шешімі негізінде бірқатар сала қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады. Ассоциация Алғыс хатына ие болған қызметкерлер:
  1. «8&8» баспасының қызметкері Окнева Татьяна Юрьевна.
  2. «8&8» баспасының қызметкері Пак Ольга Юрьевна.
  3. «Қазақ энциклопедиясы» баспасының қызметкері Байленова Меруерт Мәулімсейітқызы.
  4. «Арман-ПВ» баспасының қызметкері Жұмағұлова Толқын Қазбекқызы.
  5. «Дәуір» баспасының қызметкері Жауаров Мұхтар Сұлтанғазыұлы.
  6. «Алан» баспасының қызметкері Арганчаева Қапиза Бекенқызы.
  7. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультетінің Баспа ісі кафедрасының меңгерушісі Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы.
  8. «Қазына» кітап дүкенінің директоры Шайкен Алмаз Қабденұлы.
  9. «Мазмұндама» Қоғамдық қорының Бас редакторы Дәулетбаева Бану.
Іс-шара соңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің мүшелері концерттік қойылым жасап, қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Сахна пердесі белгілі әнші Сүлеймен Ибрагимовтың ән шашуымен жабылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлының қатысуымен баспагерлердің басқосу жиналысы өтті. Жиналыс барысында қазіргі баспа ісі саласындағы негізгі мәселелер көтеріліп, комитет төрағасы біршама сұрақтарға жауап берді. Осындай екі тарап өкілдерінің басқосуын жиі-жиі ұйымдастырып, туындаған мәселелерге уақытылы шешім табу туралы уағда жасалды.