Жұмыссыз қалған 100 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жұмыссыз қалған 100 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Фото: astana.gov.kz
208
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, табысынан айырылған 100,1 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды.

Биыл 73,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Заңға сәйкес, жұмыссыз қалған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылса әлеуметтік төлем алады. Төлем табыстың 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ-дан төленеді.

Бұған дейін Қазақстанда білікті мамандар азайып, кедейлер көбейгенін жазған болатынбыз.