Таразда пойыздың төбесінде селфи жасамақ болған жасөспірім көз жұмды.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім пойыздың төбесінде селфи жасамақ болған. Алайда оны ток соққан.
Көліктегі полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") бойынша Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.
https://www.youtube.com/watch?v=G66GJSj5GBM