Нұр-Сұлтан мен Алматыда жоқ пәтерлерді интернет арқылы жалға берген күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жоқ пәтерлерді интернет арқылы жалға берген күдікті ұсталды
146
оқылды

Қостанайлық жедел уәкілдер Алматы мен Нұр-Сұлтанда жалған пәтерлерді жалға берумен айналысқан ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ер адам интернетте қолайлы баға ұсынып, хабарландырулар жариялаған. Арзан пәтерді алып үлгергісі келген азаматтар карта номеріне 5 мыңнан 50 мың теңгеге дейін мөлшерде алдын ала төлем жіберген. Байланыс тек WhatsApp арқылы жүзеге асырылған, "пәтерді жалға беруші" пәтер көрсетуді қандай да бір себептермен кейінге қалдырып немесе басқа уақытқа ауыстырып келген. Қазір зардап шеккендер саны 50-ден асады. Полиция қызметкерлері бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты. Жедел уәкілдер күдіктіден ұялы телефон тәркілеу барысында қоңырау көп түскеніне таңғалған. Телефонға келіп түскен қоңырау санында шек жоқ. Полиция қызметкері тұтқаны көтеріп, қоңырауға жауап бергенде ғана азаматтар алаяқ арбауына түскенін түсінген. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғынына қатысты (Қостанай облысының аумағында бірнеше жыл тұрған) ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.