28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: news.myseldon.com
150
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Тек қана оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен соғады, облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел жаяу бұрқасынмен болады, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді. Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың батысында жел 18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Түркістан облысының таулы аймағында, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы, тау бөктерінде тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.