Ashyq-та «жасыл» мәртебесі жоқ адамдарға кіруге рұқсат берілмейтін нысандар саны көбейеді
Ashyq-та «жасыл» мәртебесі жоқ адамдарға кіруге рұқсат берілмейтін нысандар саны көбейеді
Фото: news.myseldon.com
192
оқылды

Жаңа жылдан бастап, яғни 2022 жылдың 5 қаңтарынан Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебесі жоқ адамдарға шектеу көбейеді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты.
Атап айтқанда, 5 қаңтардан бастап сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, спорт пен фитнес, йога орталықтары, караоке, бассейн, сауна, монша, «Қазпошта», Халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq қосымшасында  «жасыл» статусы бар адамдарға кіруге рұқсат берілмек.

Жандос Бүркітбаев жаңа талапты 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынып отыр.