Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерге ҰБТ кезінде қосымша уақыт беріледі
Ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерге ҰБТ кезінде қосымша уақыт беріледі
© sn.kz
301
оқылды
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ұлттық тестілеу орталығы ерекше қажеттіліктері бар талапкерлер ҰБТ-ны қолайлы жағдайларда өтуі үшін бірқатар шаралар қабылдайтын болады.
Осылайша келесі жылы көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған оқуға түсушілер негізгі 240 минуттан басқа тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут алады. Яғни олар ҰБЕ-ны басқаларға қарағанда ұзағырақ – 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады.
Ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бізге осындай тапсырма берген болатын. Бұл өзгерістер олар үшін ҰБТ-дан өтуді айтарлықтай жеңілдетеді, – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да бұзушылық фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.