Қалдықтар кәдеге жаратылып жатыр
Қалдықтар кәдеге жаратылып жатыр
244
оқылды
«Nur Otan» партиясы Пав­лодар облыстық филиалының Өңірлік даму жөніндегі қо­ғамдық кеңесі бекітілген индикаторларға қол жеткізу, шетелдің қатысуымен қолға алынған инвестициялық жо­баларды бағалау, инвес­торлар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерін тұрақты қадағалап отырады.   Партияның облыстық филиа­лы төрағасының бірінші орын­басары Илья Теренченко, кеңес төрағасы Динара Айтжанова, кеңес мүшелері, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері Павлодар қаласының АЭА-ға (арнайы экономикалық аймақ) барып, Kazsenospheres ЖШС жұмысымен танысты.
– Кәсіпорын көмірді жаққан­нан кейін пайда болатын қалдық­тардан бағалы материал өндіреді. Kazsenospheres табысты коммер­циялық жоба ғана емес, сонымен қатар экологиялық жоба, – деп мәлімдеді кәсіпорын директоры Абай Қайыржанов.
Депутаттар мен кеңес мүше­лерін инвесторлардың мемлекеттік органдармен арада орнатқан өзара іс-қимыл мәселелері қызықтырды. Инвесторларды мұнда қолайлы инвестициялық және серіктестік ахуал, шетелдік үшін берілетін елеулі преференциялар жиынтығы және зауыт салу мүмкіндігі қы­зықтырған. Өндірісті құрушы компания тегін жер алып, 2036 жылға дейін КТС-тан босату, нөлдік ҚҚС және шетелден жаб­дықтар мен тауарларды бажсыз әкелу құқығын иеленді. Мемлекеттік органдардың қол­­дауымен жобаның барлық қа­тысушысы мен инвестор­ларының күш-жігері оны қысқа мерзімде іске асыруға мүмкіндік берді. Коронавирус бойынша шектеу­лер­ге қарамастан, өндіріс құры­лысы 1 жылға жетпей аяқталды. Жаб­дықтар Ресейден, Словения­дан және Германиядан жабдықтар әкелінді, ал өндірістік циклді реттеуге ТМД елдерінің ғалым­дары қатысты.