Экс-депутат Орталық Азия этноспорт комитетінде қызметке тағайындалды.
«Бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады», – деді Бекболат Тілеухан.
Бекболат Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген.
1992-2001 жылдары – Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі.
1996-1997 жылдары – Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі.
1997-2001 жылдары – Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі.
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі.
2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары – «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымдағы депутаты болды.
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-шақырылымдағы депутаты болды.