Алматыда жаңа форматтағы екі мектеп ашылды
Алматыда жаңа форматтағы екі мектеп ашылды
627
оқылды

Жаңа білім ордасы мегаполистің Алатау және Наурызбай аудандарында бой көтерді.

Екі мектептің бірі Қалқаман-2 шағын ауданынан ашылған. Мектеп 1800 оқушыны қабылдай алады. Екіншісі «Томирис» шағын ауданында салынған. Бұл оқу орнында 1500 бала білім ала алады. мектеп Екі мектептің те ашылуына да қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Оқу орны жиһазбен және оқу техникасымен толық жабдықталған әрі өзінің алғашқы оқушыларын келесі тоқсаннан бастап қабылдауға дайын. Қазіргі кезде оқушылардың тізімі жасалуда. Айта кетерлігі, жаңа мектептер типтік жобалар бойынша салынбаған. Жобалау кезінде оқу орындарына қойылатын жаңа стандарттар арнайы әзірленіп, қабылданды. Олар заманауи сәулет, ойластырылған кеңістіктік дизайн, кең сыныптар мен қоғамдық кеңістіктері бар эргономикалық интерьермен ерекшеленеді. Жоба авторлары әр орынның ауқымдылығына қолжеткізуді мақсат еткен. Бұған бал арасының ұясы тәрізді кабинеттер есебінен жүзеге асты. Бұл нысан үй-жайлардың барынша табиғи жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Кең дәліздер мектеп ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді. Қос білім ошағында балалар мен мұғалімдердің жайлылығы үшін барлығы жасалған. Спорт залдары, асхана, зертхана және басқа да сыныптар қарастырылған. Мектеп аумағында стадион бар, барлық кеңістіктер барынша көгалдандырылған. Мектептер заманауи Face ID қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Ата-аналар балалардың мектепке кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алып отырады.