Елімізде көлігінің нөмірі көрінбей қалған жүргізушілер айыппұл төлейді.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірі стандартқа сай анық көрініп тұруы тиіс.
«Көлік нөміріндегі сандар мен әріптерге басқа жазу мен «3D» символ түріндегі элементтерді жабыстыруға рұқсат жоқ. Нөмірдің колориметриялық сипаттама стандартын сақтауға міндетті. Сондай-ақ көлік нөмірін қар мен шаң, батпақтан тазалап тұруы шарт», – дейді басқарма өкілі.
Егер көлік нөмірі көрінбей қалса жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (14 585 теңге) айыппұл салынады.
Бұған дейін «Жұмабектің бажасымын» деп полицейлерге сес көрсетіп, жол ережесін бұзған жүргізуші туралы жазған болатынбыз.