Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: mail.kz
217
оқылды

Магистратура грантын иеленген үздіктердің тізімі белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Толық тізіммен министрліктің Telegram парақшасынан таныса аласыз. Биылдан бастап оқуға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Құжаттар 1-15 қараша аралығында қабылданды.

Магистратура грантына үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырды.