Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Жыланды тау» аймағында жағалаудан бес шақырым жерде «Қарабақ» (Әзербайжан Республикасы – ред.) паромының 40 жастағы бортмеханигі теңізге секіріп кетті.
Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, – деп жазады Lada.kz.
Құтқарушыларға хабар кеше сағат 11:30-да түскен.
«Қарақақия ауданындағы «Құрық» портында 1981 жылы туған Әзербайжан азаматы, «Қарабақ» паромының бортмеханигі суға секіріп кетті. Іздестіріліп жатыр», – деді құтқарушылар.
Бортмеханикті іздестіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Құрық» порты мен Қазақстан шекара қызметінің мамандары жұмылдырылған.