Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Варшавада өткен Әлем чемпионатында жеңіске жеткен Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе, шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шахматшы Бибісара Асаубаева Польшада өткен 2021 жылғы Рапид және блицтен әлем чемпионатында (FIDE World Rapid and Blitz 2021) блиц-турнирдің жеңімпазы атанды. Ол турнир аяқталуға бір тур қалғанда жеңіске жетті.