Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға алудан бас тартпақ
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға алудан бас тартпақ
Фото: ernur.kz
303
оқылды

Ресей Қазақстаннан Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алған. 2022 жылы Ресей Байқоңыр ғарыш айлағындағы 16 нысанды жалға алудан бас тартпақ, – деп жазады Zakon.kz.

Дереккөздің жазуынша, Ресей ғарыш айлағының бір бөлігін жалға алуды тоқтатады. Бұл тізімде 16 нысан бар. Тек жылжымайтын мүлік қана емес, ішіндегі мүлкі де кіреді. Оларды Қазақстанға қайтармас бұрын ресейлік кәсіпорындар есебінен шығару керек. Нысандарды Қазақстанға қайтару 2022 жылдың соңына дейін жүргізіледі. Бұған дейін «Роскосмостың» бас директоры Дмитрий Рогозин Байқоңыр ғарыш айлағындағы ұшыру кешені санын 6 есе қысқарту мәселесін айтқан болатын.

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беруден жыл сайын шамамен 115 миллион доллар қазынаға түсетінін айтқан еді.