Жаңа қаулы: 5 қаңтардан бастап қандай шектеулер енгізіледі?
Жаңа қаулы: 5 қаңтардан бастап қандай шектеулер енгізіледі?
306
оқылды

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы бойынша жаңа қаулысында нысандардың жұмысына қатысты тиісті режим белгіленді.

Қаулы бойынша, жұмыс және демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік нысандары), караокеге кіруге қауіпсіз "жасыл" статусы (вакцинация, сынама алынған күннен бері 7 тәулік өтпеген ПТР-тестінің теріс нәтижесі, тұрақты медициналық себебі бар, соңғы 3 ай ішінде коронавируспен ауырып тұрған адамдар) бар қызметкерлер мен келушілерге ғана жұмыс режиміне шектеусіз рұқсат беріледі.
- «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; - «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін; - «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз ету бекітілген.  
Қаулы 2022 жылдың 5 қаңтарнан бастап күшіне енеді.