Үйінде жүрегі тоқтап қалған Bek Air-дің екінші ұшқышын жерледі
Үйінде жүрегі тоқтап қалған Bek Air-дің екінші ұшқышын жерледі
Фото: Интернеттен алынды
Алматыда Bek Air әуе компаниясының екінші ұшқышы жерленді, – деп хабарлайды AstanaTV. Алматыда қаза болған ұшқыш Мейіржан Молдақұловтың денесі жер қойнына тапсырылды. 54 жастағы ұшқышпен қоштасуға марқұмның туыстары мен алыс-жақын ағайындары түгел жиналды. Жұрт арасында ұшқыштың 15 жыл бойы тер төккен Bek Air әуе компаниясының басшысы да болды.
Бірақ мекеме өкілі журналистерге сұхбат беруден бас тартты. Осылайша, әуе компания басшысы марқұмның жақындарына өтемақы төлеуден бас тартқандай.
Еске салай кетейік, 54 жастағы Мейіржан Молдағұлов Алматы маңындағы жантүршігерлік ұшақ апатынан аман қалған екінші ұшқыш болатын. Бірнеше отадан соң беті бері қараған азаматты дәрігерлер өткен аптада үйіне шығарды. Ауруханадан сап-сау шыққан марқұмның халі өз үйінде күрт нашарлап жүрегі тоқтаған. Ішкі істер министрлігі аяқасты өлімның себебін сот-медициналық сараптамасынан соң анықтамақ. Қайтыс болған ұшқыштың артында екі баласы мен жұбайы қалды.