БҚО-да жол апатынан алты адам көз жұмды
БҚО-да жол апатынан алты адам көз жұмды
394
оқылды
1 қаңтар күні Орал қаласы аумағында болған үш жол-көлік апатынан алты адам көз жұмды. Оның біреуі – бала. Тағы 10 шақты адам жарақат алған. Жол апатының екеуі Орал қаласында, біреуі Самара-Шымкент трассасының бойында болған. Орал-Атырау тасжолында бір жол апаты болды. Оқиға салдарынан 5 адам зардап шегіп, бір бала комада жатыр. Екінші жол апаты Самара-Шымкент тасжолының 313-шақырымында болды, Toyota Prado мен Ваз 2112 соқтығысты. Оқиға салдарынан 4 адам қайтыс болды, басқа зардап шеккендер ауруханаға түсті. Үшінші оқиға Деркөл ауылы маңындағы айналма жолда болған. Hyundai Santa Fe мен Volkswagen Polo автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ауруханаға барар жолда есін жимастан 9 жастағы бала көз жұмды.
"Полиция қызметкерлерімен оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейін тергеу басталды. Ауа райының нашарлауына байланысты рөлге отырмауға және қаладан шықпауға тырысыңыз ", – деп мәлімдеді БҚО Полиция департаменті.