Қазақстанда екі жаңа салық енгізіледі
Қазақстанда екі жаңа салық енгізіледі
293
оқылды
2022 жылдан бастап Қазақстанда тағы жаңа екі салық енгізіледі, - деп жазады sputnik.kz. Майнерлер салық төлейді 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық салынады. Енді Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермаларға тұтынған электр энергиясының әрбір 1 киловатт-сағатына 1 теңгеден төлеуге тура келеді. Бұл өзгерістер Салық кодексіне енгізілген түзетулерде көрсетілген. Биыл күзде Қазақстанның бірнеше өңірінде электр қуатын жеткізу бойынша шектеу енгізілді. Билік бұл проблема майнинг фермаларының қызметімен байланысты екенін мәлімдеді. Энергетика министрлігінің ақпаратынша, "сұр" майнерлер шамамен 1200 МВт-қа дейін электр энергиясын тұтынады. Google салығы 2022 жылдан бастап Қазақстанда Google салығы пайда болады. Цифрлық салықты ел қазынасына шетелдік интернет-компаниялар (мысалы, Google, Facebook, Netflix) төлейді. Қызметтер мен тауарларын онлайн платформа арқылы сататын барлық шетелдік компания Қазақстан бюджетіне қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. ҚҚС мөлшерлемесі сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12%-ін құрайды. Бұл жерде музыканы ақылы тыңдау, электронды кітаптар, компьютерлік ойындар, бағдарламаларды пайдалану құқығын сату туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ салық маркетинг пен жарнама саласына да қолданылады. Қарапайым қазақстандықтарға жаңа салықтың қатысы жоқ. Ұлттық экономика министрлігі Google салығынан ел бюджетіне жыл сайын 2 миллиард теңге түседі деп болжап отыр.