2022 жыл: қандай өзгерістер күтіп тұр?
2022 жыл: қандай өзгерістер күтіп тұр?
Мемлекет басшылығы 2021 жылы ел экономикасы мен ха­лықтың  әл-ауқатына қатысты бірқатар шешім қабылдады. Оның басым бөлігі келер жылдан бастап күшіне енеді. Осыған орай 2022 жылы қандай өзгерістер болатынына шолу жасайық.

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

АЕК 5 пайыз артады Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 5%-ға өседі. 2021 жылы АЕК мөлшері 2 917 теңге еді, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл сома 3 063 теңге болады. Ең төменгі жалақы 2022 жылы ең төменгі жалақы көлемі 60 мың теңге болып өзгереді. 2021 жылы ол 42 500 теңге еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөл­шерін көтеру ең маңызды макроинди­катор екенін атап өтті. Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның кірісінің өсуіне әсер етеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөл­шері 5 пайызға артып, 36 018 теңге бо­лады. Әзірге бұл сома – 34 302 теңге. Осы орай­да ең төмен күнкөріс деңгейімен бай­ла­нысты төлемдер де өседі. Мысалы, асы­рауындағы екі адам үшін асырау­шысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдем­ақы мөлшері 2022 жылы 53 666,82 теңге болады. Әзірге бұл сома 51 109, 98 теңге. Жөргекпұл Әйелдерге мемлекет тарапынан бо­санғаны үшін жәрдемақы беріледі. Жөр­гекпұл сомасы баланың кезегіне байла­нысты өсіп отырады: бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге (2021 жылы – 110 846 теңге); төртінші және одан ке­йінгі балаларға –192 969 теңге (2021 жы­лы – 183 771 теңге). Егіз не үшем, төр­тем болса, мемлекеттік жәрдемақы әр балаға жеке-жеке есептеледі. Жүктілік пен босану бойынша табысынан айырылған жұмыс істейтін әйелдерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлем 1 587 600 теңге болады. Әзірге бұл сома – 1 224 550 теңге. Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы Төрт және одан да көп, кәмелеттік жасқа толмаған, орта арнаулы және жоғары оқу орнында білім алып жатқан 23 жасқа толмаған балалары бар аналарға 2022 жылы сараланған мөлшерде келесідей жәрдемақы беріледі: төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 49 926 теңге (2021 жылы – 46 760 теңге); бес балаға – 61 382 теңге (2021 жы­лы – 58 457 теңге); алты балаға – 73 665 теңге (2021 жы­лы – 70 154 теңге); жеті балаға – 85 947 теңге (2021 жы­лы – 81 852 теңге); сегізінші баладан бастап әр балаға 4 АЕК немесе 12 252 теңге қосылады. Айыппұл және бюджеттік өзге де төлемдер Мемлекеттік қызметтер үшін төле­нетін сомалардың мөлшері тікелей айлық есептік көрсеткішке байланысты. Мысалы, жүргізуші көлік жылдамдығын сағатына 40 шақырымнан асырса, 61 260 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұған дейін жүргізушілер 20 АЕК немесе 58 340 көлемінде айыппұл төлеп келген. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елде айлық есептік көрсеткіш мөлше­рімен бірге міндетті сақтандыру полисі мен көлік салығының бағасы өседі. Ал төлқұжат алу үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшері 24 504 теңге болады. Зейнетақы төлемдері Зейнетақы төлемдері ең төменгі күн­көріс деңгейінің 54 пайызына тең. 2021 жы­лы – 18 524 теңге, ал 2022 жылы бұл со­­ма 5 пайызға артып, 19 450 теңге болады. 1998 жылға дейін ерлер үшін 25 жыл және әйелдер үшін 20 жыл жұмыс өтілі бар қазақстандықтар толық көлемде алатын ынтымақты зейнетақының ең төменгі мөлшері 7 пайыз өседі. 2021 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері – 43 272 теңге, 2022 жылы бұл сома 46 302 теңге болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ең төменгі зейнет­ақы төлемдеріне ықпал етеді. Оның мөл­шері – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы. Қазір бұл 24 012 теңге, ал 2022 жылдан бастап 25 213 теңге болады.

САЛЫҚ ЗАҢДАРЫНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Цифрлық салық салынады Салық кодексінде 2022 жылғы 1 қаң­тардан бастап Қазақстанда тауар сатумен және қызмет көрсетумен айналысатын шетелдік интернет компаниялардың қо­сымша құн салығын тіркеуі мен тө­леуінің оңайлатылған тәртібі қолдан­ы­лады. Қо­сымша құн салығын толық және дер ке­зінде төлеуді қамтамасыз ету үшін «Мер­чент ID» ұғымы енгізіледі. Интернет ар­қы­лы сатылған тауарларға қосымша құн са­лы­ғы салынады. Цифрлық салық отандық және шетелдік компаниялар үшін бәсе­ке­лестік жағдайын теңестіруге мүмкіндік береді. Алкоголь өнімінің импортына тосқауыл қойылады Отандық өндірушілер үшін акцизден кейінгі төлем енгізіледі. Бұл шара арақ өндірушілерді темекі өнімдері мен сыра өндірушілерімен теңестіреді және екінші деңгейлі банктерден жоғары мөлшер­лемемен тартылатын айналым қаражатын босатып алуға мүмкіндік береді. Заңға енгізілген түзету отандық алкоголь өні­мін қолдауға және алкоголь өнімінің им­портын тежеп ұстауға мүмкіндік береді. Қосымша құн салығы оңайлатылған тәртіппен қайтарылады Шикізат экспортынан түскен түсім­нің кемінде 50%-ы шетел валютасын теңгеге айырбастаған бизнес субъектілері тауарын экспорттаған кезде оған 80%-ға дейінгі қосымша құн салығы оңайла­тыл­ған тәр­тіппен қайтарылуы мүмкін. Кә­сіпкерлік субъектілерінің тізбесін Үкімет бекітеді. Бұл түзету экспорттаушыларды Қазақстан аумағында валюталық түсімді өткізуге ынталандыру мақсатында енгізілген. Шетелдік тасымалдаушылардың са­лығы өседі Бұдан былай шағын және орта биз­нестің шығынын азайту үшін салық салу мақсатында шағын көлемді фургондарға 3,5 тоннадан аспайтын жүк көтерім­ді­лігіне қарай салық салу тәртібі қолданы­лады. Ал Қазақстан аумағы арқылы халықаралық қатынаста жолаушы мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік көлік құралдарынан алынатын алым мөлшері 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі. Тауар айналымының операциялары есепке алынады Заңға енгізілген өзгерістер мен то­лықтырулар тауар айналымын қадағалау­ға ықпал етеді. Қабылданған құжат Еу­разиялық экономикалық одақтың ке­ден­дік аумағына әкелінген тауарларды қа­дағалау тетігі туралы келісімді іске асыруға мүмкіндік береді. Қадағалауға жататын тауарларды және ұлттық ба­қылау жүйесін пайдалана отырып, тауар айналымына байланысты операцияларды есепке алуды ұйымдастыруға жағдай жасайды. Салық тұрақтылығына кепілдік беріледі Салық заңнамасының тұрақтылығы кез келген жобаларға, оның ішінде жер қой­науын пайдалануға 10 жыл ішінде инвестиция салған жағдайда деңгейлес мониторингте тұрған, акцизделетін тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын және арнаулы салық режимін қолданбайтын экспортқа бағ­дарланған (көмірсутекті пайдалы қазбалар мен мұнай өнімдерін экспорт­таушыларды қоспағанда) тауар өнді­рушілерге ғана беріледі. Тұрақтылық кепілдігі инвестор мен Қазақстан Үкіметі арасында ин­вес­тициялық міндеттемелер туралы келісім жасау арқылы 10 жыл мерзімге белгіленеді. Тұрақтылық қо­сымша құн салығына, төлем көзінен ұсталатын салыққа, қор­шаған ортаға эмиссия үшін төлемақыға, сондай-ақ салықтарды әкімшілендіру мәселесіне қолданылмайды.