Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға пікір білдірді
Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайға пікір білдірді
© lada.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзенде халықтың газ бағасын арзандатуды талап етіп, наразылыққа шығуына байланысты пікір білдірді. 
"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.