Ауыр халдегі нәрестені тікұшақпен Өскеменге жеткізді
Ауыр халдегі нәрестені тікұшақпен Өскеменге жеткізді
186
оқылды
«Қазәуеқұтқару» ұшқыштары мен шұғыл медицинаны үйлестіру ұлттық орталығының дәрігерлері Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген ауыр жағдайдағы нәрестені Өскеменге тікұшақпен жеткізді. «Қазәуеқұтқару» баспасөз қызметінің хабарлауынша, күннің аязды болуы тікұшақтың ұшуына кедергі келтірген. Дәрігерлер мен ұшқыштар соған қарамастан МИ-8 тікұшағымен ауылға жетіп, сәбиді қалаға әкелген.
«Тікұшақ бортында тәжірибелі командир Руслан Ағламбеков, екінші ұшқыш Мәжит Кенжеғалиев, әуе қызметкерлері Әуелбек Қазақбаев, Пердебек Жұмабаев, Сәкен Бекжанов, ұлттық орталықтың дәрігерлері, облыстың бас неонатологы Асхат Қуанышбаев пен фельдшер Бек Асаубаев сынды азаматтар болған. Ұлттық орталыққа шақыру 2 қаңтар күні түскен. Құтқарушылар баланы жедел қалаға жеткізді. Қазір нәресте Ана мен бала орталығы дәрігерлерінің бақылауында», – дейді «Қазәуеқұтқару» баспасөз қызметінің жетекшісі Алмаз Ғабдуллин.