Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай жайында айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдай жайында айтты
©kaztag.kz
512
оқылды

Бұл жайында  бүгін өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

"Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс. Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кірісті. Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді" делінген жазбада.